Сіз білесіз бе?...

Қоршаған орта және адам

 ● Ормандар жазда ауа температурасын 5-8 градусқа төмендетеді, ал қыста 1-3 градусқа көтереді. Ауадағы ылғалды тұрақтандырады.

   ● Бір гектар шырша орманы 32, қайың орманы 68, қарағай орманы 40 тонна тозаң сіңіреді.

  ● 25 метрлік қайың ағашы сағатына 1,5 кило оттегі шығарады.

  ● 100 жасар қайың ағашы сағатына 40 адамның шығарған көмірқышқыл газын жояды.

  ● 100 жасар қайың ағашы жылына 30000 литр су сіңіріп, эрозияның алдын алады.

  ● Дүние жүзінде сағатына 300 гектар, ал минутына 5 гектар орман жойылуда.

Дұғалар...

Жұма күні мен түні оқылатындар

   Хадис шәрифтерде былай делінеді:

  «Жұма түні Кәһф сүресін оқыған адам қияметте жерден көкке дейін бір нұрмен жарқырайды. Екі жұма арасында істеген күнәлары кешіріледі.» (Тәрғиб)

  «Жұма күні 80 салауат оқыған адамның 80 жылдық күнәсі кешіріледі.» (Дара Кутни)

  «Жұма күні немесе түні Духан сүресін оқыған адамға жәннатта бір зәулім сарай сыйға беріледі.» (Табарани)

  «Жұма түні Ясин сүресін оқыған адамның күнәлары кешіріледі.» (Исфәхани)

  «Жұма күні ғұсыл алған адамның күнәлары кешіріледі.» (Табарани)

  «Жұма күні таң намазынан бұрын "Әстағфируллаһәл азыйм әлләзи лә илаһа илла һууәл хаййәл қаййума уә әтубу илайһ" деп оқыған адамның күнәлары теңіз көбігіндей болса да, кешіріледі.» (Ибн Сүнни)

  «Жұма намазынан кейін жеті реттен Ихлас және Фәлақ пен Нас сүрелерін оқыған адамды Аллаһу та'ала бір апта бәле-жаладан, қауіп-қатерден, жаман істерден қорғайды.» (И.Сүнни)