Отбасы...

Еркектің әйелі алдындағы міндеттері

  Ибраһим Хаққы Арзурумидиң «Марифатнама» атты кітабында еркектің әйелі алдындағы міндеттері жайлы төмендегі мәліметтер берілген:

  - Оған әрқашан жақсы мінезбен қарау.

  - Оған әрдайым жұмсақтықпен мәміле жасау.

  - Үйге келгенде әйелімен сәлемдесу.

  - Оған оңашада сүйетінін айту.

  - Ренжулі екенін көргенде жағдайын сұрау.

  - Көңілін аулау.

  - Бала тәрбиесінде оған көмектесу.

  - Еліндегі дәстүр бойынша киіндіру.

  - Мүмкіндік болса, жақсы нәрселер жегізу.

  - Әйелін ұрмау.

  - Бір күннен артық ренжіп жүрмеу.

  - Оның жаман мінезіне сабыр етіп, өзінің де күнәсі бар екенін ойлау.

  - Жақсы істері көп болса, Аллаһқа шүкір ету.

  - Әйелі «күйеуім мені бәрінен жақсы көреді» деп ойлау керек.

  - Үй-ішілік және сыртқы істерде оның да пікірін тыңдау

  - Үйде үстем әйел емес, еркек болу керек.

  - Күнә болмаған кемшіліктерін көрмеу.

  - Айыптарын адамдардан жасыру.

  - Кейде әзілдесіп, онымен ойын ойнау.

  - Оны бүлікке себеп болатын жерге апармау.

  - Дінін, харамды, адалды, міндеттерін үйрету.

  - Әйелінің хабарынсыз сапарға шықпау.

  - Оған дұшпандары, қарыздары жайлы айтпау.

  - Оған қайырлы дұға жасау және оны қарғамау керек.